«Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында Сыр өңіріндегі NIS «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Игі бастамаға оқушылар, ата-аналар және мектеп қызметкерлері белсенді қатысып, мұқтаж жандардың жанұяларын азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Қауымдастық мүшелері күріш, макарон өнімдері, ұн, қант, шай, өсімдік майы, консервіленген тағамдар және басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер молынан алып келді.
Жиналған «жақсылық себеттері» аймақтағы 12 отбасыға, қала тазалығын қамтамасыз ететін қызметкерлерге табысталды. Сонымен қатар мектеп жатақханасының оқушылары да акцияға белсенді түрде қатысып, 10 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы анаға әлеуметтік қолдау көрсетті.
«Жүректен жүрекке» акциясы мектеп қауымдастығын ортақ игі іске біріктіріп, өскелең ұрпақ бойында жанашырлық, мейірімділік секілді құндылықтарды қалыптастыруда маңызды бастама болды.





