Жүргіншілер жолағынан өтпек болған оқушыны көлік қағып кетті

406

0

Қызылорда қаласында жеңіл көлік жүргіншілер жолында оқушы қызды қағып кетті.

Оқиға облыс орталығындағы Н.Назарбаев даңғылы бойында тіркелген. Жаяу жүргіншілер жолағында жолдан өтпек болған оқушыны жеңіл көлік қағып кетті.

– Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, – деп мәлім етті қалалық полиция басқармасынан.

Қызылорда қалалық білім бөлімі оқушының жағдайы қалыпты екенін хабарлады. Қазір ол палатаға шығып ем қабылдауда.