Жүргізуші «Аркан» құрылғысына 30 мәрте түскен

994

0

Сурет ашық дереккөзден

Кеше облыстық ПД-ң Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен қызмет атқару барысында Ресей мемлекетінде тіркеуде тұрған «Ваз 21041» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 34 жастағы жүргізушінің көлік құжаттары толық емес күйде басқарғаны анықталды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды. Сонымен қатарол бірнеше ай ішінде «Аркан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына жылдамдық режимін 30 мәрте бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-ші және 2-ші бөлігі бойынша ұйғарым шығарылып аталған автокөліктің жүргізушісіне 783 мың 825 теңге сомасында айыппұл салынған.

Айта кететін жайт, автокөліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған.

Қызылорда облысы Полиция департаменті көлік құралына қатысты барлық құжаттарды уақытылы заңдастырып жүруге және жол ережесін бұзбауға шақырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<