Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысының әкімдігінің мәліметінше, екі спортшы қызметінен өз еркімен кеткен.
“Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін олимпиада чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті оның орынбасары самбодан әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімханов соққыға жыққаны туралы жазған едік. Желіде тараған видеодан Серік Сәпивтің қолына құжат ұстап, орынбасарының кабинетіне кіргенін, кейін Есімхановтың Сәпиевті ұрып, кабинеттен шығарып жібергенін көруге болды.






