Жұмыспен қамтудың кейбір мәселелері туралы мәжіліс өтті

332

0

Фото: Арал ауданы

Кеше аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов тың төрағалығымен жұмыспен қамтудың кейбір мәселелері туралы мәжіліс өтті.

Жиынға сала басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері онлайн түрде қатысты.

Алдымен Бектемір Ұлыбекұлы ауданда жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша белгіленген межелердің орындалуына тоқталып, аталған бағытта жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы азаматтардың табысын арттыру мақсатында «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру» жөнінде тапсырма берген болатын. Осы ретте, аудан бойынша биылғы жылға 947 жаңа жұмыс орнын құру межесі белгіленіп, тиісінше қала, кент және ауылдық округтер бойынша бөліністер бекітіліп, Өздеріңізге орындау үшін жолданды. Дегенмен, жаңа жұмыс орнын құру көрсеткіші бойынша Жіңішкеқұм ауылдық округі жылдық жоспарды 50 пайызға орындаса, қалған қала, кент, ауылдық округтерде аталған жұмыстардың орындалуы мүлде көңіл көншітпейді. Бұл өз кезегінде әкімдер тарапынан берілген тапсырманы орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілмей, бекітілген жоспардың орындалмау қауіпін туғызуда» – деді, аудан әкімінің орынбасары.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының 2022-2025 жылдарға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде үстіміздегі жылға аудан көлемінде жүзеге асатын жобалар аясында жұмыс орындарының ашылуы бойынша жылдық жоспардың орындалу мәселе талқыланды.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары сала басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне елдімекендер бойынша меженің орындалуын қамтамасыз етіп, міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аударылуына және келісім шарт жасалуына жұмыс жасауды, сондай-ақ, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандарға қосымша алынатын жұмысшыларды Арал ауданының Мансап орталығымен бірлесіп, жолдама арқылы алынуына жұмыс жасауды үйлестіру жүктелді.

Арал ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<