Жұмысқа тұрғызамын: Қызылордада алаяқ ұсталды

481

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылорда облысында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 желтоқсан күні Қызылорда облысы Арал ауданының екі тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде полиция бөліміне арызданған. Олардың айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында белгісіз азамат олардың сеніміне кіріп, жұмысқа тұрғызып беремін деп бір млн теңге көлемінде ақшаны алдап алған.

Бірақ осы күнге дейін уәдесін орындамаған азамат алған ақшасын да қайтармаған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол 34 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<