Жұмысшы жастарға мол мүмкіндік

673

0

Сурет ашық дереккөзден

Ағымдағы жыл басында аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың қолдауымен «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды.

Қазіргі күні «Отбасы банк» АҚ ҚФ-мен бірлесіп бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бірқатар келісім-шарттарға қол қою жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, Бағдарламаға құжат тапсырған уақытта жас мөлшері 35-ке дейінгі (қоса алғанда) білім, денсаулық, мәдениет және спорт саласының, бюджеттік ұйымдардың, ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар, екінші деңгейдегі банк филиалдары мен жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда құрылыс, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласының қызметкерлері қатыса алады.

Бағдарламаның талаптарымен төмендегі құжат арқылы танысуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<