Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен журналистер қауымын құттықтады.
Мереке қарсаңында департаментте салтанатты жиын өтті. Жиында департамент бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлы журналистер қауымын көктем мерекесімен құттықтады.
- «Мереке қарсаңында полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруда белсенді атсалысып жүрген журналистер қауымын құттықтай отырып, жаңалықтарыңыз жағымды, қаламдарыңыз қарымды болсын» деген тілегін жеткізді Қайрат Болатұлы.
- Көктемнің, гүлдер мен қуаныштың мерекесімен құттықтай отырып, тәртіп сақшылары журналистерге гүл падишасы нәзік қызғалдақтар сыйлап, мерекелік сый-сияпат көрсетті.
Өз кезегінде журналистер қауымы елеп ескерген тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі





