Жұртшылық жаппай сенбілікке белсене қатысты

371

0

Фото: облыс әкімдігі

Қызылорда облысында апта сайын ұйымдастырылатын жаппай сенбілік бүгін де жалғасты.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сенбілікке шыққан 128 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері 4 000 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады.

Скверлер мен парктер, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандары, өзен, көлдер аумағы, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар тазаланды. Көшелердің бойында, көпқабатты, жер үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары атқарылды.

Жұмыс барысында 900-ден астам техникамен қоқыс тасымалданды, жер тегістелді.

Еске салайық, жыл басынан облыс аумағына климатқа жерсінетін 95 353 көшет егілген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі