Журналист Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды

760

0

ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Ораз Нұрділдә Серікұлы Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ораз Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «31 арна» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.

Қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы болды.