Жыл басынан бері Өзбекстанға 3,5 млн шетелдік турист келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 13,3%-ға көп, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстанның Статистика агенттігінен мәлім еткендей, бұл елге саяхаттап келген шетелдіктердің көбі – Қырғызстан азаматтары (1 млн 57 мың адам). Одан кейінгі орында 1 млн 46 мың туристпен Тәжікстан тұр.
Үштікті Қазақстан түйіндейді. Биыл қаңтар-маусым аралығында Өзбекстанда 668,4 мың қазақстандық демалысын өткізген.
Қоса кетсек, үстіміздегі жылдың соңына дейін Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық туристі қабылдауға ниетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<