Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Руханият жылын» қорытындылауға және Жаңа 2025 жылды қарсы алуға арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынға Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Қазақстанның Еңбек Ері, математик, Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев пен Имамзада Шағыртаев, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен сала басшылары қатысты.
Аймақ басшысы жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтап, облыстың дамуы жолында еселі еңбек еткендерге марапаттар табыстады.
Алдымен Қазақстанның Еңбек Ері, Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, жерлесіміз Асқар Жұмаділдаевқа Сыр жұртшылығы атынан автокөлік кілті табыс етілді.
Сондай-ақ, Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының артисі Кәмила Әбжановаға «Парасат», облыстық ардагерлер кеңесі аппаратының басшысы Мақсұт Баекеевке, «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Кимге «Құрмет» ордендері табысталды. Түрлі сала үздіктері мен ардагерлері Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер – министрдің Алғыс хаттарымен, Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, «Ерен еңбегі үшін», АШМ «Еңбек ардагері», «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медальдары, Мемлекеттік қызмет істері агентігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері», АШМ «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты лайықты азаматтарға берілді.
Басқосуда «Үздік педагог – 2024» облыстық конкурсының жеңімпаздары марапатталып, БАҚ өкілдеріне арналған дәстүрлі «Жебе» cыйлығы табысталды.
Сонымен қатар, салтанатты жиында аймақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуда қажырлы қызмет еткен сан саланың қызметкерлеріне «Жыл үздігі» номинациясы берілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<