Жыл қорытындысымен бірқатар міндеттер талқыланды

7

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаевтың төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті.

Жиында Үкімет басшысы мен облыс әкімімен өткен мәжілісте қаралған мәселелер бойынша жүктелген тапсырмаларға сәйкес бірқатар бірқатар міндеттер пысықтарлды.

Аудан әкімінің орынбасары аймақ басшысы тарапынан берілген тапсырмалардың барлығы тиісті сала басшылары мен бөлімдер тарапынан орындалуы керектігі айтылып, аудандағы спорт саласын дамыту бағытында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берілді.

Сонымен қатар мәжіліс барысында 2025 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы айтылды. Алдағы Жаңа жыл мерекесіне дайындық мәселесі де күн тәртібінен тыс қалмады. Аудан әкімі орынбасары Нұрмұхамед Омарұлы мереке күндері қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Мәжіліс соңында аудан әкімі жүктелген тапсырмалардың орындалуы жеке бақылауда болатынын ескертті.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі