Жыл қорытындысына арналған мерекелік іс-шара өтті

4

0

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен 2025 жылды қорытындылауға арналған мерекелік іс-шара өтті.

Аудан басшысы ескі мен жаңа жылдың тоғысында өткенге ой жүгіртіп, жаңа жоспар құрып, келешектің бағытын айқындаудың маңызын айтып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Жыл ағымында өңірде жүзеге асқан жобаларға, қолға алынған бастамаларға, жарқын жетістіктерге тоқталды.

– Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген нақыл сөз бар. Біз де Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, нәтижелі жұмыстар күтеміз.

Биылғы жыл еліміз, өңіріміз үшін тарихи-саяси маңызды оқиғаларға толы табысты жыл болды. Дана ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл, Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл, Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жылдық мерейтойлар жоғары деңгейде аталып, мән-маңызы насихатталды. Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, айтулы жыл аясында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ұрпақ санасына кеңінен насихаттау, қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу жұмыстары атқарылды. Сыр өңірінің халқы Қызылорда қаласының Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл толу мерейтойын ерекше көңіл-күйде атап өтті. Мерейлі даталарға байланысты іс-шаралар өңірімізде және ауданымызда өз деңгейінде өткізілді. 2025 жылдың 30 қазанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге арнайы жұмыс сапармен келді. Сапар барысында Президентіміз бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарында болып, жағдайымен танысып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мемлекет басшымыз Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы жұмыс жасайтын үшінші Президенттік кітапхананың Қызылордада салынатындығын айтты. Бұл бастаманы барша өңір жұртшылығы зор қуанышпен қабылдады.

Мемлекет басшысының Сыр өңірін ерекше қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен облысымызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облысымыздың бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгені құрап, 2021 жылдан бері 246 пайызға өсті. 2022-2024 жылдары облыста 1 трлн. 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылса, биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылуда. Бүгінде 753 млрд. 300 млн. теңгені құрайтын 14 ірі жобаның құрылысы басталуда. Биыл Қызылорданың кезінде астана болғанына 100 жыл толуына орай 2 млрд. 300 млн. теңгеге облыстық Тарихи-өлкетану музейінің заманауи жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында 3 млрд. 800 млн. теңгеге жаңа «Достық үйі» салынды. Президент тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында 26 млрд. 500 млн. теңгеге 11 мың орындық жаңа стадион ел игілігіне берілді. Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі аумағы 25 мың шаршы метрді құрайтын, 20 млрд. 500 млн. теңгеге көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, – деген Берік Әбдіғаппарұлы аудан атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

Жыл басында аудан бюджеті 10 млрд. теңгені құраса, бүгінгі күні 13,2 млрд. теңгеге жетті. Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылды. Ауданның өнеркәсіп орындары 93,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,6 пайызға ұлғайды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 13,1 млрд. теңгені құрады. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 25,7 млрд. теңгеге жетті. 2024 жылдың 11 айында аудан экономикасына 75 млрд. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш 83,3 млрд. теңгені құрады. Есепті мерзімде 25,8 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, құрылыс жұмыстарының көлемі 22,8 млрд. теңгені құрап, 17,9 пайызға артық орындалды. Биыл ауданда 33 145 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, негізгі дақыл – күріш 19 950 гектарға егіліп, әр гектарынан 61,0 центнерден өнім алынды, 121 695 тоннаға жуық астық жиналды. Сырдария ауданы облыста үздік нәтиже көрсетіп, «Егін шаруашылығы бойынша Озат аудан» атанды.

Аудан аумағындағы Тереңөзек кенті және Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағамбетов елді мекендері табиғи газбен қамтамасыз етілді. 2025 жылы газдандыру жобаларын жүзеге асыруға 2,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, Н.Ілиясов, Шаған ауылдары табиғи газға қосылды. Нәтижесінде, ауданда газбен қамту көрсеткіші 62 пайызға жетті. Жоба құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын Ақжарма елді мекенін газдандыруға биылға республикалық бюджеттен 840,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда жоғары қысымды газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Ауданда электр желілерін тозу деңгейін 68 пайызға дейін түсіру межеленген. Бұл бағытта 2023-2025 жылдары Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл және Шаған ауылын электр желілерімен жабдықтау жұмыстары толық аяқталды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 490,5 млн. теңгені құрайтын Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жүзеге асуда. Нәтижесінде, тозу деңгейі 62 пайызға төмендейтін болады. Биыл аудан бойынша жол саласына қатысты

7 жобаға 982,3 млн теңге қаржы бөлініп, аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэрапорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10,2 шақырымы және Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 13 көше жөндеуден өтті. Аудандық бюджеттен 136,6 млн. теңге қаржы бөлініп, 17 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген. 2023-2025 жылдары құрылыс саласында 9,3 млрд. теңгеге 22 жоба жүзеге асырылды.

Тарих қойнауына қарай қадам басқан жыл Сыр өңірі үшін жеңіс пен жетістіктердің және ауқымды жоспарларды жүзеге асырған еңбек адамдарының жылы болды. «Жұмысшы мамандықтар жылында» түрлі салада тер төккен еңбеккерлер Ауыл шаруашылығы министірінің «Құрмет грамотасымен», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, аудан дамуына қызмет атқарып жүрген бірқатар сырдариялықтар облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, әр саладағы жыл үздіктері марапат тұырынан көрінді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі