Жыл құсындай жаңалық қуантады

5

0

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев жаңадан ашылған «Құзыреттілік орталығының» жұмысымен танысты.

Екі қабатты, сәулеті ерекше, 1000 орындық жаңа ғимарат қай­тарылған активтер есебінен салын­ған. Мұнда студенттер халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына да­йындалады. Орталық сарап­шы­лық қауымдастықты дамыту, жұ­мысшы мамандықтардың таны­мал­дығын, оған жастардың қы­зығу­­шы­лы­ғын арттырудың бірың­ғай жаттығу базасына айна­лады.

Кәсіби дағды қалыптастыруға, педагогтердің, жас мамандардың озық технологиялармен жұмыс іс­теуіне, еңбек нарығында сұра­нысқа ие маман болып қалыптасуына жол ашады.

Жаңа әрі заманауи ғимарат республикалық, халықаралық, дең­гейдегі форумдар, конференциялар, семинарлар мен көрмелер өткізуге де бейімделген.

Ұлыстың ұлы күнінде Парламент депутаттары жақында ғана пайдалануға берілген сол жағалаудағы тұрғын үйлерге барды. Жаңа пәтер алған тұрғындардың қонысына құтты болсын айтты. Жылдар бойы кезекте тұрып, жаңа үйге қол жет­кізген қызылордалықтардың қуанышында шек жоқ.

Мереке қарсаңында табысталған 10 тұрғын үйді «Интегрострой», «Орион ЛТД», «Техоснастка-ремсервис», «Асар», «Авангард ПГС», «Аман құрылыс» және «Промстройсервис Е» серіктестіктері сал­ған. Баспана кезегінде тұрған 400 от­басы әз Наурызды жаңа қоныста қарсы алды.

Сондай-ақ депутаттар жақында ашыл­ған Президент саябағына барды.

Қала тұрғындары мен қонақтарының демалысын, бос уақытын тиімді өткізуі үшін қайта салынған саябақ алыстан көз тартады. Мұнда заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, вело­сипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орнатылған. Жалпы 31 гектарға 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілді.

Сонымен қатар бұл аумақта бірқатар ірі жоба қолға алынған. Атап айтқанда, 300 орындық заманауи балалар лагері, Ботаникалық білім беру орталығы, тоғыз қабатты 15 тұрғын үй, 200 төсектік жаңа перинаталдық орталық салынуда. Алдағы уақытта жаңа драма театр мен заманауи Президенттік кітапхананың құрылысы басталмақ.

«СБ» ақпарат