Жыл үздіктері марапатталды

296

0

Кеше Жалағаш ауданындағы Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде «Жауһар жауған жаңа жыл» атты жаңа жылдық мерекелік концерт өтті.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, жиылған жұртшылықты санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аймағымыз үшін берекелі де жемісті жыл болған 2017 жылы аудан көлемінде атқарылған бірқатар ауқымды жұмыстарға тоқталып, салалар бойынша қол жеткен жетістіктерімізді айтып өтті.
– Бүгін үміт пен сенімге толы осы сәтте өткен жылды қорытындылаймыз. Алдымызға жаңа мақсат-міндеттерді белгілейміз. 2018 жыл біз үшін берекелі де жемісті жыл болды. Қазақ елі Тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған ауданымыз да өз үлесін қосып келеді. Сыр еліндегі құт мекеннің бірі – Жалағаш ауданы – Мемлекет басшысының барлық бастамаларын зор ықыласпен қабылдап, қашан да қолдап отыр. Жалағаш ауданы – облыста Сыр маржанының үштен бір бөлігіне жуығын өндіретін ынтымағы артқан, ырысы тасыған өңір екенін біз мақтанышпен айтамыз, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, алдағы жылы жоспарланған жұмыстарға тоқталып, жыл үздіктерін марапаттады. Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<