Жыл жаңалығы: Өңірде «Әлеуметтік әмиян» жобасы жүзеге асырылуда

65

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл 1 қыркүйектен бастап барлық өңірде «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде оқушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтануды ұсыну жобасын кеңейтіп тарату басталды.

Өңірде әлеуметтік әмиянды енгізуге арналған жол картасы аясында бірінші кезекте, оқушы мен қызметкер саны 700-ден асатын білім беру ұйымдарында аппаратық-бағдарлама кешенін орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

— Облыста оқушылар саны 700-ден асатын 125 мектеп бар. Биыл жоспарлы 87 мектепке аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылуда. Аталған кешен оқушының мектепте сабаққа қатысуын, тамақтану және цифрлық білім беру ресурстарымен байланысты бақылау үшін қажет. Бұдан бөлек, ыстық тамақ ұйымдастырылған. Алайда аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылмаған 163 мектепте тамақ беруді ұйымдастыру «Бизнес әмиян» қосымшасы арқылы жүргізілетін болады, – деді облыстық білім басқармасы басшының орынбасары Бағдат Бердәулетов.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдар да «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық түрде беру жобасына қатысуда.

— Аталған жобаны кеңінен тарату жөніндегі жол картасы бекітілді. Осы орайда, жыл аяғына дейін жалпы босатылған рецепттердің 10 пайызы «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында берілуі тиіс. Бүгінде жоба аясында облысымыздың медициналық ұйымдарымен 40 мыңға жуық рецепт «EGOV mobile» қосымшасы арқылы берілді, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Жаңыл Әбубәкірова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<