Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талқыланды

180

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтің төрағалығымен өткен мәжілісте жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды.

Жиын барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Ибрагимов өңірде өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Оның айтуынша, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін арттыру, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейту және арнайы рейдтер жүргізу арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Данияр Еренғалиұлы қала және аудан әкімдеріне облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, тұрмыстық газ баллондары мен газбен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балалар арасында өрт қауіпсіздігіне байланысты білім беру жұмыстарын күшейтуді, өрт кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және отпен абайсыздықтың салдарын түсіндіру бойынша арнайы оқу-жаттығу ұйымдастыруды міндеттеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<