Жылыжай кешені жұмысын бастады

1153

0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірімізде азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Арал қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Орынбасаров Мәліктің жылыжай кешенінің қызметімен танысты.

Аумағы 720 шаршы метрді құрайтын жылыжайға бүгінде қияр (беринга Ғ-1, шандини-Ғ-1) мен қызанақ (лоджинг-Ғ-1) дақылдарының бірнеше сорттары орналастырған.

Жылыжайдың басшысы Мәлік Орынбасаров: «Бұл соңғы климаттық жағдайлар мен конструктивті шешімдерді қолдана отырып жасалған соңғы үлгідегі жылыжай. Жылыжай өнімдерінің ерекшелігі жоқ, бірақ біз өсірген негізгі сорттың дәмі жоғары деп мақтанышпен айтуға болады», — деді.

Аудан басшысы жасалып жатқан жұмыстарды көріп, кешен иелерінің еңбегіне сәттілік тіледі. Қазіргі таңда кәсіпкер өз еңбегінің жемісі ретінде алғашқы өнімдерін алуда.

Бұдан соң, Серік Сағитжанұлы жеке кәсіпкер Ж. Жұмажановтың аудан орталығынан салып жатқан қойма құрылысының барысын бағамдады. Жобаның құны– 50, 0 млн теңгені құрайды. Қойма сыйымдылығы 1000 тоннадан асатын өнімдерді сақтайтын болады. Жоба жыл аяғына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.

Атап өтейік, ауданда бұдан өзге сыйымдылығы 400 тонна құрайтын азық-түлік өнімдерін сақтайтын қойма жұмыс жасауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<