Жылыжай жұмысын жандандырған

134

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жылыжай – табыс көзі. Көкөністің күтімі күпті, бабы мықты болып өсуіне жылыжайдың атқарар рөлі орасан. Дастарханымызға дайын күйі келетін көкөністердің қандай күтіммен өсетініне көп көңіл аудара бермейміз.

Дей тұрғанмен еселі еңбектің арқасында жемісті жұмыс болатынын ескеру керек. Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылындағы Пұсырмановтар әулеті жылыжай жұмысын жолға қойған. Өз қаражаты есебінен жылыжай салып, сол жерден несібесін алуда. Жылыжайда қызанақ пен қиярдың 2 түрі бар. Бүгінде бағбан өнімдерін дүкен сөрелеріне шығарып, тұрғындар үшін қолайлы бағада сатуда. Кішкентай ауылда көптің алғысын арқалап жүрген бағбан алдағы уақытта жылыжайдағы өнімдердің қатарын құлпынай жемісімен толықтырмақ.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<