Жылжымалы көрме ұйымдастырылды

259

0

С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық мекемелер үйі ғимаратында көркемсурет галерея қорынан «Сыр өңірінің рухани әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобалары аясында  Сыр өңірінің тарихи-мәдени орындары, рухани құндылықтары бейнеленген туындыларды мекеме қызметкерлеріне, қонақтарға, жастарға насихаттау. Сол арқылы азаматтардың бойында туған жерге деген мақтаныш сезімін ұялатып, патриоттық сезімді қалыптастыру. Сондай-ақ, жергілікті қылқалам шеберлерінің өнерін дәріптеп, көркем өнер туындыларын кеңінен таныстыру.
Жылжымалы көрмеге галерея қорындағы бейнелеу өнерінің туындылары натюрморт, пейзаж жанрларында салынған Б.Бөкешовтың «Сырласу», «Кешкі сауын», Й.Ағытаевтың «Дайындық», «Қамбаш жолында», т.б. шығармашылық жұмыстар қойылған.  Көрме 20 ақпанға дейін көпшілік назарына ұсынылады.
Барлыбек БАТЫР.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<