Ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады

214

0

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал ұжымында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты салтанатты жиын өтті.
Мерекелік іс-шара  Мемлекеттік гимнмен ашылды. Алғашқы сөз кезегін алған  филиал директоры А.Қайруллаев ұлық мерекеміз – Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығымен құттықтады. Сала басшысыегемендіктің тамыры терең тарихи оқиғалармен келгенін, ал оны көздің қарашығындай сақтау біздің азаматтық борышымыз екендігін атап өтті. Филиал жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Пұсырманов та өз кезегінде ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына үлес қосып, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудегі берудегі еңбегі елеулі бірқатар қызметкерлер Басқарма төрағасының, филиал басшысының Алғыс хаттарымен  марапаттады. Ресми бөлім концерттік бағдарламаға ұласты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 
Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<