ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА

424

0

ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА Сәуір айы – дәстүрлі сенбіліктер кезеңі. Экологиялық екіайлық акциясы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің барлық қалалық және аудандардағы фронт-кеңселері ұжымдары аймақтың эстетикалық келбетін жақсарту шарасына өз үлестерін қосты.
Департамент басшысы Айнұр Шорабекқызы Тобаева бастаған қызметкерлер қаламсап пен компьютерлерін уақытша күрек, тырма, сыпырғы секілді жұмыс құралдарына қуана айырбастады. Ұлдар жағы қыстан қалған қоқыс пен шіріген жапырақтарды жинап, көшет екті. Ал қыздар ағаштардың діңін ақтап, аймақты шаң-тозаңнан тазартты.
Ұжымның үлкен-кішісі жаппай қатысқан сенбілікте көңілді атмосфера орын алды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, орталықтың айналасы әп-сәтте мұнтаздай таза болды.
«Сенбілік  – көркейту-көгалдандыру шарасы ғана емес,  бұл ұжымның ұйымшылдығын одан әрі арттыруға бағытталған мүмкіндік. Сенбіліктің арқасында әріптестерімізбен көктемнің тамаша күні таза ауада, бейресми жағдайда көңілді уақыт өткіздік», – дейді құжат қабылдау бөлімі маманы Дархан Қабылшаев.  

 ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<