Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер жәрдемақы алады

404

0

Сурет: Zakon.kz

Биылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты, деп хабарлады Zakon.kz.

Зауыт жұмысшыларымен кездескен Светлана Жақыпова әлеуметтік қолдау шарасы мемлекет басшысының былтыр қыркүйекте берген нақты тапсырмасы аясында жүзеге асқанын айтты.

Ал ел бойынша 37 мың адам арнаулы жәрдемақы алмақ, деп жазады qazaqstan.tv.

«Жәрдемақының негізгі мөлшері 4 көзден төленеді. Біріншісі, мемлекет бюджеті. Екіншісі, жұмыс берушінің тарапынан бір айлық күнкөріс деңгейінде және сақтандыру қорынан, бірыңғай зейнетақы қорынан төленеді. Төлемдердің мөлшері орташа есеппен – 208 мың теңге», – деді Светлана Жақыпова , ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<