\»Зимняя вишнядағы\» өрттен терезеден секіріп тірі қалған бала ауруханадан шықты

341

0

\"Зимняя вишнядағы\" өрттен терезеден секіріп тірі қалған бала ауруханадан шықты Облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері «Зимняя вишня» сауда орталығынан өрт кезінде төртінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен ұл баланы ауруханадан шығарды, деп хабарлады агенттікке медициналық мекеменің баспасөз қызметінен. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады. 

«Баланың жағдайы жақсы, енді ем қабылдаудың керегі жоқ, бүгін ол ауруханадан шығарылды. Оған енді оңалту курсынан өту керек», – деді агенттікпен әңгімелесуші.

11 жастағы баланың өрт кезінде ата-анасы мен қарындасы қаза болған. Ол екі тәулік бойы комада болды, жағдайы жақсарған соң жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Өрттен кейін бір аптадан соң оған туғандарының қаза болғандығы туралы хабарланды.

Кемеровода «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт 25 наурыз күні болды, онда 64 адам көз жұмған, оның 40-ы балалар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<