Зияткерлер сәбилер үйінде жаңа жылдық ертеңгілік өткізді

328

0

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Хан Тәңірі» шаңырағының оқушылары орыс тілі пән мұғалімдерімен бірлесіп облыс орталығындағы сәбилер үйінде болып, мерекелік іс-шара өткізді.
Шараның мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірімділік танытып, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Мерекелік бағдарламаны оқушылар ертегілер әлеміне саяхат жасау арқылы бастады. Мультфильм кейіпкері – Маша өзінің достары Ит пен Доңызды сәбилерге таныстырды. Аяз ата мен Ақшақар балаларға тақпақтар айтқызып, тәтті сыйлықтарын үйлестірді. Оқушылар балалармен бірге ән шырқады және көңілді ойындар ойнап, флешмоб биледі.
Шара соңында зияткер оқушылар балаларға өздерінің жаңа жылдық сыйлықтарын тарту етті және ата-аналар мен орыс тілі мұғалімдерінің қаражаты есебінен алынған сәбилерге қыстық аяқ киім, жылы киімдер сыйға берілді.
Осылайша, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мемлекеттің уақытша тәрбиелеуіне алынған сәбилерге мейрімділік пен жылулық сыйлап, ағалық-әпкелік қамқорлықтарын көрсетуге тырысты.
Айта кетейік, қазіргі таңда сәбилер үйінде 80-ге жуық 2-5 жас аралығындағы сәбилер тәрбиеленуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<