Психологиялық тренингтің мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік» мінез – құлқын қалыптастыру.
Семинардың бірінші кезеңі аудиториямен әңгімелесу түрінде болды.
Онда қазіргі әлемдегі күйзеліс, күйзелістен шығу түрлері, теріс энергияның адам ағзасынан шықпаудың кері әсері туралы айтылды.
Мысалы, күйзелістен шығудың ең дұрыс әдісі: ұйықтар алдында кітап оқу, өмірдегі қуанышты және қайғылы сәттерді жазатын күнделікті жүргізу, спортпен айналысу, өзіңе деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады.
Семинарды қызметкерлер қуанышты көңіл-күймен аяқтап, психолог маманның көрсеткен практикалық көмектеріне алғыстарын жеткізді.





