Адал еңбекті бағалаған абзал

3

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Адал да табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы. Президент халыққа арнаған Жолдауында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек адамы қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен адал еңбекті бағалаған абзал» деген болатын.

«Қызылорда су жүйесі» мекемесі­нің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Маржан Сырманова, «Абай-Дәулет» ЖШС зертхана меңгерушісі Сәуле Шакенова және «Қызылорда автобус паркінің» жүргізушісі Азамат Сисенов өңірлік коммуникациялар қызметінде болып, тәжірибесі мен жұмысы жайында кеңінен айтып берді.

– «Қызылорда су жүйесі» мекеме­сінің өндірістік-техникалық бөлімін басқарамын. Негізгі қызметіміз – ауыз­су және кәріз суы нысандарын үз­діксіз бақылау. Осылайша тұр­ғын­­дарды таза, сапалы ауызсумен қамтамасыз етеміз. Апаттың алдын алып, инфрақұрылымды дамыту бо­йынша жоспарлы жұмыс істеп, жо­ба-сметалық құжаттар әзірлейміз. Сон­дай-ақ мекемеде базалық зертхана жұмыс істейді. Онда күнделікті су сынамасы алынып, құрамы зерттеліп отырады. Бүгінде ұжымда 617 қыз­меткер жұмыс істесе, оның 400-ге жуығы жұмысшы маман.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мекемеде ауқымды тірлік атқарылды. Атап айтар болсақ, кә­різ суымен жұмыс істейтін қызмет­кер­лерге шипажайларға жолдама бері­ліп, айлық жалақысы 20 пайызға артты. Біздің ұжым алдағы уақытта да абыройлы еңбек ете береді, – дейді Маржан Сырманова.

«Абай-Дәулет» ЖШС мекемесін­де зертхана меңгерушісі қызметін атқаратын Сәуле Шакенова білікті маман, өзінен кейінгі жастарға білген-түйгенін үйретуде. Нәтижесінде қан­шама жас өндірістік тәжірбиеден өту­ге келіп, тұрақты жұмысқа орналасуда.

– Менің еңбек жолымды баста­ғаныма 40 жылдан асты. Ауыл шар­уашылығы саласында үздіксіз жұмыс істеп келемін. Биыл наурыз айында зейнет демалысына шығуды жоспарлап отырмын. Өздеріңізге белгілі, біз­дің шаруашылық күріш өсірумен, өндірумен, мал шаруашылығымен, ас тұзын өндірумен айналысады. Бас­ты мақсат – сапалы өнім шығару. Ком­панияның өнімдеріне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Соның нәтижесінде Мемлекет басшысының «Алтын сапа», «Парыз» сыйлығының иегері атандық. Бұл жетістік ұжымда еңбек етіп жүрген әрбір қызметкердің адал еңбегінің жемісі деп білемін.

Зертханада өнімнің сапасы тұ­рақты бақыланады. Әр өнімнен сы­нама алынып, талапқа сай екені нақ­ты­ланғаннан кейін өндіруге жібе­ріледі, – дейді С.Шакенова.

Облыс орталығындағы жолаушы­лар тасымалдау қызметінің сапасын арттыру, жолаушыларға жайлылық жасау мақсатында жүйелі істер атқа­рылуда. Осы орайда «Қызылорда автобус паркінің» жүргізушісі Азамат Сисен­ов жолаушылар тасымалы жауапкер­шілікті талап ететінін айтты.

– Қоғамдық көлікті тізгіндегеніме 8 жыл болды. Жұмыс таңғы 6:00-де басталып, кешкі 22:30-да аяқталады. Кезекшілік алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өтеміз. Күніне шамамен 800-900 жолаушыны діттеген жеріне жеткіземін. Басты талап – жолаушылар қауіпсіздігі.

 Қазіргі таңда қала тұрғындарына 285 автобус қызмет көрсетеді, – дейді А.Сисенов.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»