Дөңгелек үстел өтті

159

0

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Шетелден түскен және жолданатын сот тапсырмалары мен өтініштердің орындалуы мен жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған  судья С.Рустемов, сот мамандары, облыстық білім басқармасының «Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі» КММ-ның өкілі А.Ембергенова, басқарманың «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-ның өкілі Г.Дюсенова, адвокат А.Нұрғалиев қатысты.     

Шараны судья С.Рустемов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, көтеріліп отырған тақырыптың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ 2016 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы нұсқаулығын атап өтті.

Онан бөлек құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты құжаттардың ресімделуі бойынша халықаралық шарттар, шарттың талаптарын сақтау, орындау мерзімдері, халықаралық шартқа қатысты мәселелерге тоқталып өтті.      

Шараның қорытындысы бойынша тақырып аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, мәселелерді ортаға салды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған

 ауданаралық сотының баспасөз

қызметі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<