Мен – өмірді сүйетін, арманы бар оқушымын. Мен үшін әр жаңа күн – өзімді дамытуға, мақсатыма жақындауға берілген мүмкіндік. Ал есірткі – осы мүмкіндікті тартып алатын ең үлкен қауіп. Ол адамды әлсіз етеді, ертеңін бұзады, жарығын өшіреді.
Мен болашағымды қорғаймын. Өйткені менің таңдаған жолым – білім, еңбек және адал өмір. Есірткіге жақындау – өз арманымды өзім қиғанмен бірдей.
Сондықтан мен өз қатарластарымды да ойлануға шақырамын:
Өмірді таңдаңдар! Денсаулықты қорғаңдар! Есірткіге – үзілді-кесілді «Жоқ!» деп айтыңдар!
Жалағаш ауданы
Аққыр ауылы
188 орта мектеп
7 сынып оқушысы
Нұрпейіс Дина Айбекқызы





