Мен өмірді қалаймын

381

0

Мен өмірді қалаймын ғажабы мол,

Жас боп өсіп келемін талабы зор.

Пайдалы іс қылсам деп талпынамын,

Ес білгелі жүректің қалауы ол.

Мен өмірді сүйемін жүрегіммен,

Дос-жаранмен уайымсыз күлемін мен.

Ел мақтайтын ұл болсам арманым жоқ,

Жақсылардың ақ пейіл тілегімен.

Ата – анама ризамын маған сенген,

Ризамын бауырларға жаныма ерген.

Жат қылықтан бойымды аулақ қылған,

Ризамын ұстаздарға тәлім берген.

Есірткен есірткіге елітпедім,

Уақытты босқа құртып желікпедім.

Адасқан жастарың көп осы күні,

Мұндайды бұрын – соңды көріп па едің?!

Бұлыңғыр есірткімен алдағы күн,

Бәрін жояр адамның арманының.

Жас достар, құлақ салғын айтқаныма

Кесапатқа жолама салмағы мұң!

Дахир Дарын Қанатұлы

Қызылорда облысы

Сырдария ауданы

Жетікөл ауылы

№174 орта мектебінің

8 – сынып оқушысы