Мен өмірді қалаймын

336

0

Мен өмірді қалаймын – жарық күнді,

Таза аспан, мөлдір ой, анық жырды.

Жас жүрек соға берсін шаттықпенен,

Есірткіге жол жоқ мүлде құмарлықпен.

Мен өмірді қалаймын – күлкі мен нұр,

Арманым – асқар таудай биік, ғұмыр.

Бір сәттік қызық алдамшы, жалған екен,

Сол жалғанға ермеймін, сенімім нық!

Мен өмірді қалаймын – еркін таңды,

Жарқыраған күн менен көктем сәнді.

Есірткіге ерсең егер үміт сөніп,

Өміріңнің үзілер өктем әні.

Мен өмірді қалаймын – шын өмірді,

Адалдық, достық, жүрек төрін білді.

Тәнім сау, жаным таза, ойым анық,

Сол қасиет мен үшін үлкен бақыт!

Мен өмірді қалаймын – мәңгі бақты,

Сезінемін бұл ғұмыр неткен тәтті!

Есірткіге жол жоқ деп ұран салам,

Өмірімді сүйемін – бұл тазалықты!

Авторы: Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті

Мирамбекқызы Асылзат

Жетекшісі: Бимаханова Асель