«Мен өмірді қалаймын!»

232

0

Мен өмірді қалаймын —

Жарқын күнім арайлы.

Таза жолды таңдаймын,

Жүрек бізге — шарайна.

Есірткіге жол жоқ деп,

Айтам нықтап, таймаймын.

Жамандыққа ермеймін,

Өз жолымды айқындаймын.

Денсаулық — ең қымбатым,

Тірліктің алтын қазығы.

Оны қорғап жүрген жан,

Шын бақыттың азығы.

Мен өмірді қалаймын —

Үміт толы әр таңды.

Салауатты өмірмен

Жеңемін мен бар жанды!


Қазбекқызы Шарифа,

Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі.

Жетекшісі: Сахиева Мөлдір Ерназарқызы.