Бір мезетке-ақ қуанышты сыйлайтын,
Болашаққа өмір жолын байлайтын.
«Көрсеңші сен есірткіні!» дейсің бе?
Жоқ, рақмет. Мен өмірді қалаймын!
«Бір рет көрсең ештеңе де болмайды,»
Дейді сенің «досым» дейтін дұшпаның.
«Жоқ, мен өмірді қалаймын, болмайды!»
Дейді досың дара жолды таңдайтын.
Расында да, нашақорлық – өмір ме?
Ата-анасыз ғұмыр әлде өмір ме?
Өмір ме әлде тәуелдікпен өткен күн?
Жоқ, мен шын өмірді қалаймын!
Көзіңді ашып қарасаңшы, ей, достым!
Тәлкегінде жүр талайы ғұмырдың.
Оның бәрі есірткінің тұтқыны,
Ал мен… Мен өмірді қалаймын!
Әрине, өз қолыңда өмірің,
Өз таңдауың, не істейсің, өзің біл.
Бірақ, кімге керек бұл өмір
Иісі сіңген ішімдік пен шылымның?
Қазіргі кез – нақ білімнің заманы!
Спорт, ғылым, IT маман, таңдасаңшы салаңды!
Есірткісіз болашаққа қол соз да,
Қане, айтшы:
«ЖАС ҰРПАҚТАР ШЫН ӨМІРДІ ҚАЛАЙДЫ!»
М. Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейінің
9 «Б» сынып оқушысы Ғалымжанқызы Қарақат.





