Рух пен намыс қайрағы

153

0

Қазақтың ұлттық спорты рух пен намысты қайрап, бой­дағы қуатты шыңдайды. Оны жанына серік еткен спортшылардың бітім-болмысы өзгеден бөлектеніп тұрады. Атау­лы күнге байланысты облыс аумағында ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, «Ұлттық ойын – халық мұрасы», «Ұлы дала тар­ландары» тақырыптарында қа­зақ күресі, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық, арқан тарту, ләңгі тебу секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

Сыр өңірінде ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл мақсатта Қызылорда қаласындағы  Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубында асық ату, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, ұлттық жекпе-жек, тоғызқұмалақ сынды спорт түрінен 640 спортшыға, 17 жаттықтырушы тәлім-тәрбие береді.

Жаңақорған ауданында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, спорт түрі бойынша 300-ге жуық спортшы және 8 жаттықтырушы бар. Бұдан бөлек, бұл мектеп қосымша құсбегілік, дәстүрлі садақ ату спорт түрінен спортшыларды жаттықтыруда. Зерттеулерге сүйенсек, көшпелі қазақ тұрмысында 150-ге жақын ойын бар екен. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы қалыптастырған құндылық бүгінде өз жалғасын табуда.

Аударыспақ – ең мықты шабандоздар қатысатын спорт түрі. Өйткені ол ерекше төзімділікті, күшті, ептілікті және ер-тоқымды тамаша ұстай білуді талап етеді. Күрестің мәні мынада: екі ат үстіндегі шабандоз олардың қайсысы қарсыласын аттан түсіре алады деп жарысады.

Ат спортының бірі ретінде бағаланатын бәйге – ең көне әрі танымал сайыс түрі. Спорттық ойынның бұл түрінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол тек жазық пен ипподромдарда ғана емес, сонымен қатар спортшы мен оның атына жоғары талаптар қойылатын таулы, тегіс емес жерлерде де ойнауға болады. Күштілер мен жүйріктер жарыста жеңе бермейді, бұл жерде жаттығудың сауатты ұйымдастырылуы мен ойы­шының дайындығын ескеріп, жарыс кезіндегі жағдайларды дұрыс бағалап, ат күшін орынды пайдалану қажет.

Бала кезімізден асық ату ойынының қыр-сырына қанығып өстік.. Бұл мал шаруашылығына не­гіз­делген көшпелі өмір-салтымен тү­сіндіріледі.

Ал жамбы атуда ептілік пен мергендік сыналады. Ержүрек батырдың мақтаныш сезімін оятады. Бабалардың ұлан-ғайыр жерді сақ­тап қалуында желмен жарысатын ат­тың, сенімді қаруы садақтың орны бөлек.

Көкпар қасқыр аулаудан бастау алған деген дерек бар. Ойынның мәні қарапайым, екі команда (әрқай­сы­сында 4 көкпаршы) көкпарды қар­сы­ласының қа­занына барынша көп рет лақтыруы керек. Оны бірнеше спорт түрлерінің – күрес, регби және атқа мінудің өзара әрекеті деп атауға болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<