Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды

546

0

Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Энергетика министрлігінің жоспар кестесіне сәйкес кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау үшін жүргізіледі, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы алдын алу жұмыстары басталған уақытта зауыттарда мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша жеткілікті қор қалыптастырылған.

– Қор ішкі нарыққа біркелкі ретпен жөнелтілетін болады. Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары отынды штаттық режимде өндіруді жалғастыруда, – делінген хабарламада.

«ПКОП» серіктестігі жұмысқа тартылған мердігер ұйымдармен жоспарлы-алдын алу жұмыстары мәселелері бойынша бастапқы кеңес өткізді.

Сондай-ақ, зауыт басшылығы жоспарлы-алдын алу жұмыстары барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау бойынша міндеттер қойғанын атап өтті.