Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші әрі тарихи құрылтайды Сыр өңірінде өткізуді ұйғарды. Бұл өңір тұрғындары үшін қолдау әрі зормәртебе екені рас.
Кейде көпшілік арасында осы құрылтайлар не шешіп жатыр деген ой болатыны жасырын емес. Жиынға бастан-аяқ қатысып, Мемлекет басшысының бағдарламалық баяндамасын тыңдап, осыған дейін атқарылған жұмыстарға қанық болдық. Өзге де мәселелердің шешімін жариялаған кезде мұның елге қажет, экономикалық, әлеуметтік және рухани дамудың кепілі деуге тұрарлық маңызды шара екеніне көзіміз жетті. Қасым-Жомарт Кемелұлының баяндамасы сондай ұғынықты болды, көңілімізден шықты. Құрылтай Қазақстан экономикасының дамуына, әлемдік аренада өз орнын табуына ықпал болады деген сенім бар.
Дәл осы тағдыршешті жиында Президент қолынан мемлекеттік марапат — «Парасат» орденін алдым. Мұны мен еңбегімді қолдап жүрген барлық жерлесімнің мерейі деп есептеймін.
Сәби Аңсат,
қоғам қайраткері






