Magnum компаниясы қазақстандықтардан кешірім сұрады

175

0

Басы дауға қалған Magnum компаниясы желіде халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды Syrboyi.kz сайты qaztaspa телеграм арнасына сілтеме жасап.

Компания өкілі олардың болған жағдайға өкінетіндерін айтты. Қоғамды дүрліктірген тіл мәселесіне қатысты даудан кейін тұтынушылар аталмыш сауда желісіне бойкот жариялаған.

Айта кетейік, желіде тұтынушы мен курьер арасындағы тіл мәселесінен кейін, курьер жұмыстан босатылғаны туралы белгілі болған еді. Тұтынушының сөзінше, курьер одан қазақ тілінде сөйлеуін талап еткен. Кейін олар да татуласқандарын айтып, халыққа үндеу жолдаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<