«Таза өмір – таңдауың»

355

0

Улы өмір, жалған қызық — алданба,

Есірткімен еркіндік жоқ жалғанда.

Бір-ақ рет дәмін татсаң — құрыдың,

Бақыт күлкі боп кетеді арманға…

Болашағың — білім, еңбек, ақылда,

Саулық керек асар шыңға, шатырға.

Есірткі — жау, жойылмаса, құртады,

Тазалықпен өмір сүргін батыл да!

Таңдау сенде — жарық жол ма, түнек пе?

Жастық шақта адаспағын түбекте.

«Жоқ!» деп айт есірткіге анық боп,

Сен өмір сүр — үмітпен, сенімде!

Манап ауылдық округі Талап бекеті №254 жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Досан Жанерке.

Жетекшісі: Алтынбекова М