Ұрпаққа – ұлағат, ерлікке – тағзым

272

0

Сұрапыл соғыста ортақ Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығы жолында теңдесі жоқ ерлік жасаған халық қаһармандарының ар-намыс пен отансүйгіштікті бәрінен де жоғары қойғанын тарих мың мәрте дәлелдеді. Сол бауырлас халықтардың қатарында ел қорғауға қазақстандықтар белсене қатысып, майданда да, тылда да небір тамаша ерліктің үлгі-өнегесін көрсетті.

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің студенттері Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды шара ұйымдастырып келеді.

Шараның мақсаты – Отан соғысында ерлікпен ел қорғаған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етіп, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту.

Колледж студенттері тәрбие сағаттарында соғыс жылдарындағы ерлік туралы баяндамалар жасап, өлең­дер оқып, театрландырылған көріністер қойды. Әсі­ресе өз жетекшілігімдегі тобымның «Қаһарман қызы қа­зақтың» тақырыбындағы әдеби-музыкалық компо­зи­циясы ерекше әсерге толы болды.

Студенттердің орындауындағы майдан әндері мен қойылымдар көрермендердің көңілінен шығып, зор ықыласқа бөленді. Отан соғысына қатысқан қы­зыл­ордалық батырлардың өмірі мен ерлігі жайлы тың мәліметтер берілді. Студенттер өз қолдарымен жасаған көрмелік бұйымдар мен сурет жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.

Соңында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлім меңгерушісі Гүлзира Арыстанбекова сөз сөйлеп, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп өшпес ерлік қалдырған сарбаздардың серті  ұрпаққа мәңгі өнеге екенін жеткізіп, мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.

Айнұр ЖЕТІЛГЕНОВА,

М.Мәметова атындағы Қызылорда

 педагогикалық жоғары колледжінің

оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<