Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастады

4

0

Фото: ҚР СІМ

Шетелде ұйымдастырылған референдум учаскелері Сеул мен Токиода дауыс беру үшін ашылды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шетелдегі референдум учаскелерінде еліміздің жаңа Конституциясы бойынша референдумде дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастады.

Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар.

Сеулде №422 және Токиода №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

– Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің каналымызда жүйелі түрде берілетін болады, – делінген СІМ хабарламасында.

Еске сала кетсек, референдум күні 54 елдегі Қазақстан азаматтары дауыс бере алады. 

Ал Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына, Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігіне байланысты 10 елдегі 11 учаскенің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.