Ғылыми-конференция басталды

1046

0

Көп бейінді облыстық ауруханада А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы АҚ-ның басқарма төрағасы профессор Болатбек Бимендіұлы Баймахановтың 60 жасқа толуына арналған ғылыми-практикалық конференцияда басталды.

Оған облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов және Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Пашимов қатысуда.

Басқосуда Б.Баймахановқа арналған «Дәремет» кітабының тұсауы кесілді. Ғылыми-практикалық конференцияда А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми орталығыгепатопанкреатобилиарлы хирургиясы және бауыр трансплантациясы бөлім меңгерушісі PhD М.Досханов «Гепатопанкреатобилиарлы хирургияның заманауи даму тенденциялары» тақырыбында баяндама жасады. №1 облыстық клиникалық ауруханасы хирургия меңгерушісі PhD Ы.Аннаоразов «Гастроэзофагеальді рефлюкс және морбидті семіздік кезіндегі симультантты лапароскопиялық емі» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды. Қызылорда облысы штаттан тыс бас хирургы Б.Қуанышбаев «Қызылорда облысы хирургия саласының жағдайы» туралы баяндады. Конференцияға қатысушы дәрігерлерге сертификаттар беріледі.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<