«Қарасора-2024» операциясы: Қызылордалық полицейлер жарты тоннадан аса есірткі тәркіледі

515

0

Фото: Полиция кз

«Қарасора-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсуі кезінде өткізіледі.

Бес ай, яғни маусым мен қазан аралығында полицейлер қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына өтіп, жабайы қарасораны отырғызу және жинау орындарын, плантацияларды анықтап, каннабис тобының заңсыз қорларын дайындаушыларға тосқауыл қояды.

Іс – шара басталғалы Қызылорда облысы бойынша барлығы 57 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 25 дерегі есірткі өсіру, 4 дерегі есірткі өткізу, 1 дерегі аса ірі мөлшерде сақтау және 27 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 516 кг 452 гр есірткі заты алынды. Есірткі өсірумен айналысқан 21 адам құрықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<