Кітап көптік етпейді, оқығанға

1016

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада қаламгер, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Шиелі ауданының құрметті азаматы Жүзбай Таңрықбаевтың «Тәуелсіздік тұғырын биіктеткендер», «Көкіата», «Сұлушаш» аталатын үш  кітабының тұсаукесері жасалды.

Іс-шараның ашылуында кітапхана басшысы Н.Мыңжас бүгінгі кітапхана мен оқырман арасындағы тығыз байланысты, кітап оқушылар санының артып келе жатқанын айтты. Жиырмаға жуық кітап жазып, руханият қорын молайтқан автордың еңбекқорлығын бүгінгі күннің батыл қадамына балады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев қаламгерге жылы лебіз білдірді, ардагер автордың елді бірлікке шақырып, ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған үлесіне ризашылық танытты.

Мұнан соң ардагерлер – Б.Балтабаев, Ж.Нұрқышев, М.Абылаев, Қ.Шағыров, М.Нұрханов секілді бірқатар кісілер сөз сөйлеп, құтты болсын айтты.

Үш кітаптың көк желегі қиылып, кітапхананың жас оқырмандары ардагерлерге өлең арнады.

Қаламақысы жоқ, мемлекеттік тапсырыстан тыс кітап жазудың машақаты өз алдына, оны оқырманға жеткізу де үлкен күш.

Қорытынды сөз алған Ж.Таңрықбаев осы мәселеге тоқталып, Ә.Тәжібаев кітапханасының жергілікті қаламгерлермен әріптестік бағыттағы жұмыстарына алғысын жеткізді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<