Кезекті қабылдау

393

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға 10 азамат келіп, өз мәселесін жеткізді. Мұнда негізінен жұмыспен қамту, шағын кәсіп ашуға қолдау, денсаулық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларға қатысты мәселелер қозғалды. Жазылғандардың көпшілігі зейнет жасындағы, көпбалалы және мүгедектігі бар азаматтарды қарап отырған тұрғындар.

Мәселен, 4 азамат жұмысқа орналасуға көмек қажет екенін айтса, 2 қала тұрғыны шағын кәсібін ашуға қолдау көрсетуді сұрады. Жеке қабылдауға келген 2 азамат денсаулығының болмауына байланысты мүгедектікке шығару және өзге де көмек көрсетуді сұрады.

Аймақ басшысы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына жұмыссыз тұрғындарға арналған жәрмеңкелерді тұрақты түрде ұйымдастыру, жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде қажетті мамандықтарға талдау жасауды тапсырды. Сондай-ақ, заңдылыққа сәйкес мүгедектігі бар азаматтарға қажетті құжаттарды жинау жолдарын түсіндіруді жүктеді.

Ал, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына шағын кәсібін ашуға ниетті азаматтарға грант алу жолдарын кеңінен түсіндіріп, заңдылыққа сәйкес тәртібіне қарай қолдау қажет екенін еске салды.

Жеке қабылдауға келген тағы бір азамат Арал теңізін қалпына келтіруге қатысты экологиялық мәселені қозғады. Облыс әкімі cала мамандарымен бірге заңдылыққа сәйкес шешім қабылдау қажет екенін алға тартты.

Осы уақытқа дейін облыс әкімі 20 жеке қабылдау өткізіп, 173 азаматтың мәселесін саралады. Көтерілген әрбір мәселе әртүрлі шешімді қажет етеді. Қабылдау барысында айтылған тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалып, әкімнің тұрақты бақылауында.

Айта кетейік, облыс әкіміне жазылу үшін азаматтар egov.kz порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы мен жазбаша нысанда әкімдікке келіп өтініш бере алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<