Баланың амандығын қамтамасыз ету баршаға ортақ міндет

367

0

Фото: Шиелі ауданы

Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шиелі ауданы әкімдігі жанынан құрылған жедел топ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы су айдындарын, бассейіндерді, ойын аттракциондарын, компьютер клубтарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Топ құрамында полиция, төтенше жағдай, кәсіпкерлік, қоғамдық даму бөлімінің өкілдері бар.

Айта кететін жай, соңғы күндері суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу салдары су айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуына әкелуде. Осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов бастаған топ өкілдері, ата-ананың қарауынсыз су айдындарында шомылудың қайғылы оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін екендігін ескертті. Әрі, бассейін әкімшілігіне бассейндердің жанындағы тамақтану орындарына демалушыларға қызмет көрсетуде тамақтан улану жағдайларын болдырмау, санитарлық талаптарды сақтау қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, ойын аттракциондарының иелеріне оқыс оқиға орын алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын болу керектегі айтылды. Мұнан бөлек, компьютерлік клубтарда тиым салынған электронды темекі өнімдерін пайдаланған азамат анықталып, айыппұл салынды.

Рейдтік жұмыстар суға шомылуға қауіпті аумақтарда күнделікті жүргізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<