Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «HARVEST AGRO» компаниясының өкілдері Жеңіс Ахметов пен Әліби Ғаниды қабылдап, агроөнеркәсіптік кластер жобасын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Жоба аясында Қаракеткен ауылдық округінен жер учаскесі бөлінген. Биыл 5 мың гектарға жүгері, 2 мың гектарға мақсары егілді. Егіс алқаптарында 142 жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс істейді.
Кәсіпорынды үш кезең бойынша толық іске асыру көзделген. Өндірілген өнім ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де экспортталады.
Қазіргі таңда жобаға 26,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 100 тұрақты жұмыс орны құрылды. Егіс және өндірістік жұмыстарға 50 техника жұмылдырылды.
Аудан әкімі мен компания өкілдері жобаны одан әрі дамыту, өндірістік қуаттарды арттыру бойынша бірқатар нақты мәселелерді қарап, инвестициялық жобаның алдағы кезеңіне дайындық барысы пысықталды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






