Магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі Қытайдың солтүстігіндегі Цинхай провинциясында болды, деп хабарлайды Report.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 186 мың адам тұратын Дуньхуан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде орналасқан.
Жерасты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, Индонезияда жер сілкінісінен кейін шамамен 1600 афтершок тіркелді. Бұған дейін Тынық мұхитында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды.






