Құрылтай

XIX аудандық ардагерлер спартакиадасы өтті

8

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше аудандық Руханият орталығында XIX аудандық ардагерлер спартакиадасы өтті. Дәстүрлі спорттық додаға кент және ауылдық округтерден ардагерлер қатысты.

Салауатты өмір салтын ұстанған ардагерлер арасындағы спорттық сайысты аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов ашып, жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Ардагерлердің спортпен тұрақты айналысуы – салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі. Бүгінгі сайыс аға буын өкілдерінің белсенділігін арттырып, өзара ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Ғани Сүлейменов.

Дүбірлі доданы өткізудегі басты мақсат – аудан ардагерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру және бұқаралық спортты дамыту.

Жарыстың ашылуында аудан ардагерлері төрағасы Садық Әлиев барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ардагерлерге сәттілік тіледі.

Тартысты өткен спорттық сайыстың қорытындысы бойынша жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі