Құрылтай

Қыркүйекте Президент сайлауы өтетін күн белгіленбек

38

0

Фото: Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Жогорку Кенеш Президент сайлауы өтетін күнді 17 қыркүйектегі сессиясында белгілеуі мүмкін, деп хабарлайды агенттіктің Бішкектегі тілшісі.

Бұл туралы Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтық Шайназаров AKIpress агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

-17 тамызда мен Жогорку Кенеш төрағасына 17 қыркүйектегі парламент сессиясының күн тәртібіне осы мәселені енгізуді сұрап хат жолдадым, – деді ОСК төрағасы.

Т.Шайназаровтың айтуынша, егер Жогорку Кенеш қаулыны 17 қыркүйек күні қабылдаса, кандидаттарды ресми түрде ұсыну келесі күні, 18 қыркүйекте басталады.

Қырғызстан заңына сәйкес, президент сайлауын парламент кемінде төрт ай бұрын тағайындайды.